АУДАН ӘКІМІ АҚ ЖАУЫЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ақ жаулықты аналарды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Руханият орталығында өткен мерекелік кездесуде аудан басшысы барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбектерін ерекше атап өтті. Ауданның өсіп-өркендеуіне, ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық өмірдің түрлі салаларына белсенді атсалысқан аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екендігін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-birlik/press/news/details/1177443?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау