Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан әкімі аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған түрлі мәселелерді көтеріп, тиісті өтініш-тілектерін жеткізді.
 
Тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамту, жер мәселесі, жайылымдық жердің жетіспеушілігі, ауылдық медициналық пункттің жұмысы, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру бағытындағы мәселелер бойынша жүгінді.
 
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кейбір сұрақтар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.
 
Азаматтардың өтініштері бақылауға алынып, жауапты мекемелерге қарастыру үшін жолданды. Аудан басшысы тұрғындардың мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1177564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version