Сатып алуды тиімді басқару, логистикалық бағыттарды жаңғырту және дәрілік заттарды дербестендірілген есепке алу жүйесін енгізу нәтижесінде 2023 жылдан бергі кезеңде үнемнің көлемі 3 еседен астам өсіп, 21,5 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін жетті. Үнемделген қаражат медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жедел бағытталды.
Баға белгілеудің жаңа жүйесі, бірыңғай дистрибьютор қоймаларындағы қалдықтарды есепке алу және сауда атаулары мен дозаларды таңдаудағы икемді тәсілдің арқасында жүйе соңғы үш жыл бойы үнем көрсеткішінің тұрақты өсуін көрсетіп келеді.
Мәселен, 2023 жылы қорларды есепке ала отырып сатып алынған 1571 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша 21,5 млрд теңге үнемделді.
2024 жылы жұмыс ауқымы кеңейіп, 1596 атауды сатып алу нәтижесінде үнемнің көлемі 50 млрд теңгеге дейін артты.
2025 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, 1711 атаудағы өнімді сатып алу мемлекет бюджеті үшін 70,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.
Баға белгілеу жүйесін реформалау нәтижесінде ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың шекті бағасы орта есеппен 15%-ға, ал көтерме және бөлшек сауда сегментінде орта есеппен 26%-ға төмендетілгенін еске салған жөн
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1177809?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау