2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген.
Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі.
Жалпы алғанда, соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артты:
•2023 жылы – 4 991 адам,
•2024 жылы – 7 242 адам,
•2025 жылы – 12 671 адам.
Бұл статистиканың ең маңызды қорытындысы – қазақстандықтардың донорлық мәселесіне барған сайын жауапкершілікпен қарап, бұл туралы өмірінде алдын ала ойлануы. Бұл – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған саналы әрі маңызды таңдау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1177817?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау