Ерекше мереке: ШҚО полицейлері әйелдер қауымына гүл шоқтары мен спектакль билеттерін тарту етті
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен «Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры» бірлесіп, қала көшелерінде нәзік жандыларды мерекемен құттықтады. Тәртіп сақшылары ханымдарға гүл шоқтарын ұсынып, спектакльдерге шақырту билеттерін сыйға тартты. Мұндай күтпеген тосынсый тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты — әйелдер қауымына қуаныш сыйлау. Сонымен қатар, мұндай бастамалар қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтып, тәртіп сақшыларының әйелдер қауымына деген терең құрметін көрсетеді.
«Біз бұл күннің әрбір әйел заты үшін есте қаларлықтай өткенін қаладық. Гүл шоқтары мен театрға шақырту билеті — бұл біздің тарапымыздан көрсетілген шағын, бірақ шынайы ілтипат пен құрметтің белгісі», — деп атап өтті акцияны ұйымдастырушылар.
Нәзік жандылар полицейлердің бұл ілтипатына шынайы ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды.
ШҚО ДП баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1177427?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау