«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс- шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ- сінде «Е-gov» өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі сағат 9.00 – ден 18.30 -ға дейін жұмыс күндері.Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, « Заң» деректер базасына, сондай- ақ халықпен өзара іс -қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (e-otinish, E-gov,«Ашық НПА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон,веб-камера) жабдықталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-novoselskoe/press/news/details/1177666?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау