Хоккей маусымының жарқын қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

6 наурыз күні «Batyr» жабық корты алаңында хоккей маусымының жабылуына арналған аудан әкімінің кубогы үшін жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден біріншілік өтті. Спорттық шара жас спортшыларды, жанкүйерлер мен тұрғындарды біріктіріп, қысқы спорттың нағыз мерекесіне айналды.
Жарысқа бес команда қатысты: Ақжарқын, Бестерек, Горький, Жаңаауыл және Талшық орта мектептері.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаев қатысушыларды құттықтап, жас хоккейшілерге сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан басшысы елімізде спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, Мемлекет басшысының саясаты өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасауға бағытталғанын айтты. Ауданда бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын салу және жас дарындарды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Турнир ойындары тартысты әрі қызықты өтті. Командалар жақсы дайындықтарын, бірлік пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – Талшық орта мектебі;
2 орын – Ақжарқын орта мектебі;
3 орын – Жаңаауыл орта мектебі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және 150, 100 және 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншылары анықталды. «Үздік ойыншы» атағын Санжар Абай (Ақжарқын ОМ), «Үздік қақпашы» атағын Ерсін Серікбай (Жаңаауыл ОМ), ал «Үздік шабуылшы» атағын Амір Серікхан (Талшық ОМ) иеленді. Номинация жеңімпаздарына 10 мың теңге көлемінде арнайы сыйлықтар табысталды.
Жабылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ақжар ауданы спорттағы жетістіктерімен әрдайым танылғанын айтып, бүгінгі жарыс жастардың спортқа деген қызығушылығын айқын көрсеткенін атап өтті. Алдағы уақытта да жастар мен аудан тұрғындары үшін спортты дамытуға барлық жағдай жасала беретінін жеткізді.
Сонымен қатар марапаттау рәсімі барысында оқушылар арасындағы «Ақшақар – 2026» аудандық спартакиадасының жеңімпазы — Талшық орта мектебіне басты жүлде, яғни бес адамға арналған хоккей киімінің жиынтығы табысталды.
Осылайша, турнир хоккей маусымының жарқын әрі әсерлі қорытындысына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar/press/news/details/1177169?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version