МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРҚЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаев төрағалық етті.
Сондай-ақ, отырысқа қала әкімінің орынбасарлары Бекбол Аманжол Бақытжанұлы, Мадияр Бақтыбайұлы Әліпов және қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы Әлібеков пен халық қалаулылары қатысты.
Күн тәртібінде Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №38/173-VIII «2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Сессия барысында депутаттар аталған мәселе бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, талқылау қорытындысы бойынша ұсынылған өзгерістер бірауыздан мақұлданып, тиісті шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1178124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version