4) бастапқы жер пайдаланушылар-жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 32-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықты иеліктен шығару тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алынған адамдар; 4-1) бағалау аймақтарының шекарасы – инфрақұрылымды дамыту деңгейіне байланысты мемлекет беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері белгіленетін елді мекендер аумағының бір бөлігінің шекарасы; 4-2) бағбандық-көпжылдық ағаш-бұта екпелерін қоспағанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін жер учаскесінде жүзеге асырылатын қызмет түрі;
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1178027?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау