Нипах вирусы анықталған жағдайда әрекет ету бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 наурызда «Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ-ның жаңа терминал ғимаратында аса қауіпті инфекция — Нипах вирусының белгілері бар науқас анықталған жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шара Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 12 ақпандағы №36-НҚ бұйрығына және 2025–2026 жылдарға арналған жұқпалы аурулардың алдын алу іс-шараларының кешенді жоспарына сәйкес Қызылорда қаласындағы көліктегі бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — аса қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдікті адамдар анықталған жағдайда мүдделі қызметтер мен ведомстволардың жедел әрекет етуге дайындығын тексеру. Жаттығуға Қызылорда қаласының санитариялық-карантиндік пунктінің, Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының, облыстық инфекциялық аурухананың және облыстық жедел жәрдем станциясының мамандары белсенді қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Ұлттық сараптама орталығы филиалының, көліктегі желілік полиция бөлімінің, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары және әуежай қызметкерлері жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында қатысушылар шартты ауру ошағын оқшаулау бойынша іс-қимыл алгоритмін пысықтады. Іс-шараға қатысқан барлық қызметтер мен құрылымдар ведомствоаралық нақты өзара іс-қимылды және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға әрекет етуге жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1178115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version