Қазақстан мен Швейцария атом энергетика және жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Берн, 9 наурыз – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцарияның Федералдық энергетика басқармасының директоры Бенуа Ревамен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде атом энергетикасын және жаңартылатын энергияны дамыту, энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық алаңдарда ұстанымдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мен швейцариялық «Axpo Power» концерні арасындағы табысты серіктестік, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен швейцариялық NAGRA ұйымының радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастығы жоғары бағаланды.

Елші Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру туралы швейцариялық тарапты хабардар етті және Астананың атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын растады.

Тараптар жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін, соның ішінде гидроэнергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мүмкіндіктерін талқылады. Перспективалық бағыттар қатарында энергия тиімділігін арттыру, қалдықтарды өңдеудің заманауи технологияларын енгізу және циркулярлық экономика принциптерін дамыту атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық әлеуетін толық іске асыру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында екі елдің салалық ұйымдары арасындағы байланыстарды белсендіру туралы келісімге келді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1177178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version