8 наурыз күні кентіміздің тұрғыны, тыл еңбеккері Шәрипа Ағзамова ерекше құттықтауларға бөленді. Кейуананың жеке мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен тұспа-тұс келіп, 95 жасқа толған мерейтойын атап өтті.
Мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, игі тілектерін білдіру үшін кент әкімі Р.К. Байқанов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәния Сұлтанбекқызы арнайы барып қайтты.
Тыл ардагеріне жасалған бұл сапар өте әсерлі және жылы жағдайда өтті. Шәрипа Ағзамованың өмір жолы — сұрапыл соғыс пен соғыстан кейінгі қиын-қыстау жылдардағы қажырлы еңбек пен табандылықтың айқын үлгісі, тұтас бір дәуірдің шежіресі.
Кент әкімі Р.К. Байқанов мерейтой иесіне ел игілігі жолындағы өлшеусіз еңбегі үшін алғысын айтты. Салтанатты сәтте мерейтой иесіне ризашылық белгісі ретінде естелік сыйлықтар мен көктемнің алғашқы гүлдері табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-karabalyk/press/news/details/1177791?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау