«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 26 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы Өмірәлиевтің қатысуымен балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік кеште балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. «Бауырсақ» қуыршақ театры, биші топтар мен мектеп оқушыларының өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аяз Ата мен Ақшақардың келуі мерекенің шырайын кіргізіп, жаңа жылдық шыршаның шамы салтанатты түрде жағылды.
Шара соңында аудан әкімі атынан барлық қатысушы балаларға ақшалай сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Балалардың жүзінен қуаныш, жүрегінен шаттық сезімі байқалған бұл мереке – Жаңа жылды қарсы алудың жарқын бастамасы болды.
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Жаңа жыл — жаңа үміт, жаңа жетістік, жаңа қуаныш әкелсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version