«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты ала алатын орын.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹️ «Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Атбасар  ауданының Мариновка  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ  «EGOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды.

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.

Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.

                                            

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/1177586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version