06.03.2026 ж. “Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының” ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге орай округтің мәдени-көпшілік іс-шараларына белсене қатысып, ауыл өміріне үлес қосып жүрген бірқатар азаматшалар құттықталып, оларға құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, балалары үлкен жетістіктерге жетіп, қазақ елінің атын шет елдерде танытып жүрген аналарға ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1177187?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау