ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев ардақты аналардың шаңырақатарына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Алдымен, аудан басшысы Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаевтың қызы, батыр ана Нағима Қарсыбайқызын құттықтады. 85 жастағы ардақты ана 4 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде үлкен әулеттің ұйытқысына айналған Нағима Қарсыбайқызы 35 немере, 26 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
Кездесу барысында аудан басшысы ел тарихында өшпес із қалдырған даңқты батырдың ұрпағы, көпбалалы ана ретінде қоғамда айрықша орны бар Нағима Қарсыбайқызына көрсетіліп отырған құрмет – елдің өткенге деген тағзымы мен болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Батыр ананың өмір жолы мен өнегелі еңбегі өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі екенін айтты.
Сондай-ақ аудан әкімі Темірлан ауылында тұратын ақ жаулықты аналар – Қырықбай Мейірхан және Пашаева Ферузатты да мерекемен құттықтады. Қырықбай Мейірхан апамыз – 86 жаста. Ол 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 39 немере, 41 шөбере сүйіп отырған өнегелі әже. Ал Пашаева Феруза әже – 79 жаста.
Кездесу барысында аудан әкімі аналарға ізгі тілегін арнап, елдің амандығы мен ұрпақтың бақыты үшін атқарған еңбектеріне алғыс білдірді. Мереке құрметіне гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Ақ жаулықты аналар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел бірлігі мен амандығы үшін ақ баталарын берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1177487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version