Аймақтарға бөлу-жер аумағын олардың нысаналы мақсаты мен пайдалану режимін белгілей отырып айқындау. 1-1. Елді мекендерде жерді аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін айқындау мақсатында жүргізіледі. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде жерлерді аймақтарға бөлуді ұйымдастыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті өкілді органдары бекітеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1178012?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау