🔰 СОЗАҚ АУДАНЫ: ӨҢІРДЕГІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА ОРЫН АЛАТЫН ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТҚА ДЕЙІН ШЕШУ ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Созақ аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-на қарасты еншілес өндіріс орындарында жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек қатынастарындағы еңбек дауларын азайту мақсатында өндіріс орындарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
 
Негізгі мақсат: еңбек дауларын азайту, тараптарды соттан тыс тәртіпте татуластыру, сондай-ақ сот тәжірбиесінің бірізділігін қамтамасыз ету.
 
Аталмыш семинарға Созақ аудандық сотының төрағасы А.С.Дәуренбеков, аудан әкімінің орынбасары С.Маманов, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты еншілес өндіріс орындарының басшылары мен өкілдері, білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, заң қызметкерлері мен медиаторлар қатысты.
 
Семинар барысында еңбек қатынастарындағы даулы жағдайлардың туындау себептері, оларды алдын алу тетіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек дауларын қарау тәртібі кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара жауапкершілік, еңбек шарттарын сақтау, ұжымдық келісімдердің рөлі және келісім комиссияларының жұмысы жөнінде ақпарат берілді.
 
Сонымен қатар, еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен шешудің маңыздылығы, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Мамандар тарапынан практикалық мысалдар келтіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
 
Түркістан облысына қарасты өңірдегі кәсіпорындарда еңбек қатынастары саласында құқықтық сауаттылықты арттыру, еңбек дауларының алдын алу және жұмыс орнында тұрақты әрі әділ еңбек ортасын қалыптастыру басты назарда екені анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1178657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version