🏢 Өңірдің құрылыс саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.
📊 Биыл барлық қаржыландыру көздері бойынша 1 030 мың шаршы метр немесе 7 358 пәтер пайдалануға берілуі жоспарланып отыр, бұл 2025 жылғы көрсеткіштің 100,9%-ы.
🏠 Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында кредиттік үйлер салу және әлеуметтік осал азаматтарға дайын пәтерлер сатып алу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 80 мың шаршы метр немесе 891 пәтердің құрылысы жүріп жатыр, сонымен қатар 31,8 мың шаршы метрлік (571 пәтерлік) тағы екі жобаны бастау жоспарланған.
💻 Бағдарламалар «Бәйтерек» цифрлық порталы арқылы бақыланады, ал сату мен бөлу «Отбасы банк» арқылы жүргізіліп, ашықтық пен адами фактордың ықпалын азайтады.
📡 2025 жылы «Геопортал» арқылы 4 мыңға жуық сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы берілген, деректердің 97–99%-ы енгізілген, қалғандары қалалық әкімдікпен жаңартылуда.
🖥️ E-Qurylys.kz, QPortal.kz, PortalMIO.kz және «Бәйтерек» платформалары құрылыс барысын, қаржыландыруды және тұрғын үй бөлінісін бақылайды. Цифрландыру саланың тиімділігін арттырып, тұрғын үйдің қолжетімділігін кеңейтеді.
📑 Үлестік құрылыс бойынша мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіліп, рәсімдер ашық әрі жылдам жүргізіледі. Қазіргі таңда 6 нысанға рұқсат беріліп, 829 қатысу шарты тіркелген.
📈 Ержан Мұздыбаев цифрландырудың тиімділікті арттырып, ашықтықты қамтамасыз етіп, тұрғын үйдің қолжетімділігін кеңейтетінін және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті.
⚠️ Облыс әкімі жаңа тұрғын үйлердің инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі, үйлерді пайдалануға беру мерзімдері, құрылыс сапасы және «Геопорталдағы» деректердің өзектілігіне назар аударды.
🗣️ «Тұрғын үй мәселесі халық үшін ең өзекті. Әр жаңа үй жолдар, мектептер, балабақшалар және ауруханалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылыс сапасы тұрақты бақылауда болуы керек, ал барлық деректер «Геопорталда» өзекті көрсетілуі қажет. Жұмыс жүйелі әрі кідіріссіз жүргізіліп, тұрғындар нақты нәтижені көруі тиіс», – деді Асхат Шахаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-rodnikov/press/news/details/1179020?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау