6 наурыз күні, ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
Мерекелік шара барысында ауылымыздың бірқатар аяулы аналары мен еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, 3 ардагер анамызға «Ауылымыздың құрметті ардагері» наградасы табысталды. Сонымен қатар, аудан әкімінің, мәслихаттың, «Аманат» партиясының және ауыл әкімінің алғыс хаттарымен бірқатар әйел азаматтары марапатталды.
Сондай-ақ көп балалы аналарымызға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды.
Мерекелік кеште ауыл әкімі Ж.Өмірқұлов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Досымбеков жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-lugovoy/press/news/details/1178872?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау