Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкіл Д. Жұмагелдин Абай облысы Полиция департаментінің Семей қаласы Полиция басқармасының әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына, сондай-ақ тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкіл Д. Жұмагелдин Абай облысы Полиция департаментінің Семей қаласы Полиция басқармасының әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына, сондай-ақ тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнына барды.

Баруды жүзеге асыру барысында әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау жағдайлары, үй-жайлардың санитарлық жай-күйі, қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ ұсталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тексерілді. Ерекше назар медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыруды ұйымдастыру және белгіленген ұстау тәртібінің сақталуы мәселелеріне аударылды.

Уәкілдің өкілі мекемелердің қызметімен танысып, арнайы қабылдау орны мен қабылдау-тарату орнының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының қызметі, оның негізгі қағидаттары, құндылықтары және адамның азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағыну, адалдық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттары «Адал азамат» идеалдары тұрғысынан қарастырылды. Азаматтардың әртүрлі өмірлік жағдайлардағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды. Бұдан бөлек, әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, қауіпсіздікті нығайтудағы, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу үдерістеріндегі рөлі мен қатысуы туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1178767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version