2026 жылғы 16 наурыз күні сағат 10:00-де Қонаев қаласында, Қонаев даңғылы, 5Б мекенжайында орналасқан Alatau Hub ғимаратында AI Digital Nauryz мерекелік іс-шарасы өтеді. Іс-шара аясында қатысушылар Наурыз мейрамын заманауи технологиялық форматта атап өтеді.
Бағдарлама барысында арнайы шақырылған спикер сөз сөйлеп, қатысушылар өз жобаларын таныстырады. Сонымен қатар IT quiz ұйымдастырылып, инновациялық идеялар талқыланып, ұлттық ойындар өткізіледі және қатысушылар арасында нетворкинг сессиясы өтеді.
Қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылып, ұлттық мәдениет пен цифрлық бастамаларды біріктіретін ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1178645?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау