2026 жылдың 11 наурызында сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII
«Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылыстық жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы. - «Астана қаласының автотұрақтарына (паркингтеріне) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 325/41-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкалары туралы.
- «Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 502-2661 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулер, олардың шекаралары және шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 205-4542 қаулысына толықтырулар енгізу туралы.
- «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы
24 қарашадағы № 104/15-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы. - Астана қаласында тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1178217?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау