Елордадағы ASPAN спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті. Іс-шараға қоғамның түрлі саласының өкілдері қатысып, жалпы саны мыңға жуық адам бас қосты. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігінің ресми сайты қалалық «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының филиалына сілтеме жасап хабарлайды.
Форум барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің мәні, олардың елдің одан әрі дамуына және әділетті, прогрессивті қоғам қалыптастырудағы рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ референдумның Қазақстанның болашағы үшін маңызы ерекше екені атап өтілді.
Іс-шараға құрылыс саласының өкілдері, ұлттық компания қызметкерлері, жастар, медицина саласының мамандары, шығармашылық ұжымдар және басқа да азаматтар қатысты.
Айта кетейік, елордада жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелерін түсіндіруге бағытталған бірқатар іс-шара өткізіліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар аясында еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда.
#референдум2026
#ЖаңаКонституция
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1179062?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау