Аудандық кәсіби байқау: «Teaching input to output – stimulating and motivating learning environment»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық кәсіби байқау: «Teaching input to output – stimulating and motivating learning environment»

Аудан көлемінде ағылшын тілі мұғалімдері арасында “Teaching input to output – stimulating and motivating learning environment” тақырыбында аудандық кәсіби байқау ұйымдастырылды. Байқауға аудан бойынша 14 мектептің ағылшын тілі мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты және кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Байқау турлары келесі бағыттар бойынша бағаланды:

  • Ораторлық қабілет (Oratorical skills);

  • Ұсынылған жұмыстың тақырыпқа негізделуі;

  • Мұғалім әрекетінің тиімділігі мен нәтижелілігі;

  • Идеяның айқындығы;

  • Тайм-менеджмент.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

І орын:

  • Қожагелді батыр атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі – Қанатқызы Айгерім

ІІ орын:

  • Тоғас батыр атындағы орта мектептің мұғалімі – Амирханова Гүлім

  • К.Нұрбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі – Калелова Айдынай

ІІІ орын:

  • Ы. Кабеков атындағы орта мектептің мұғалімі – Мухатова Ардақ

  • Сасан би атындағы орта мектептің мұғалімі – Алтынбекова Сымбат

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділік пен кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1178769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version