Ағымдағы жылдың 10 наурызында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының Балқаш аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша техникалық сабақ өткізілді.
Техникалық сабақ барысында зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау үшін ұсынылатын құжаттардың шынайылығы мен толықтығын қабылдау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімдердің сақталуы, сондай-ақ құжаттардың қайта рәсімдеуге қайтарылуының негізгі себептері талқыланды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта құжаттарды кері қайтару жағдайларын болдырмау мақсатында фронт және бэк-офис мамандарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құжаттарды дұрыс қабылдау қажеттілігі түсіндірілді.
Техникалық сабақтың соңында спикерлер зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша мамандар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1178172?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау