Ағымдағы жылдың 26 ақпанында ««Ақтөбе-Темір-ВС» ЕК АҚ келісімшарттық аумағын (тау-кен бұру алаңдарын) қайтаруға байланысты «Велиховское Солтүстік және Велиховское Оңтүстік темір кен орындарын игеру және геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті» қарау бойынша «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті Кеңесінің отырысы өтті.
Қарастырылып отырған 2006-2024жж. кезеңге арналған №2067 (14.06.2006ж.) Келісімшарт бойынша есепті «Ақтөбе-Темір-ВС» ЕК» АҚ берген Техникалық тапсырмаға және №21 (04.12.2025 ж.) Шартқа сәйкес «Казнедропроект» ЖШС орындады.
Велиховское Солтүстік тау-кен бөлу алаңы 0,567 шаршы км, кен өндіру тереңдігі – 160 м. Велиховское Оңтүстік тау-кен бөлу алаңы – 3,4 шаршы км, кен өндіру тереңдігі – 200 м.
Жер қойнауын пайдаланушы жалпы ауданы 3,967 шаршы км Велиховское Солтүстік және Велиховское Оңтүстік кен орындарының тау-кен бөлу алаңдарын мемлекетке қайтарады.
Әкімшілік тұрғыдан алғанда, келісімшарттық аумақ ҚР Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында, облыс орталығы – Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 90 шақырым жерде және Кимперсай теміржол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 36 шақырым жерде, М-40-45-В парағының аумағында орналасқан.
2004-2005 жылдары «Ақтөбе-Темір-ВС» АҚ күшімен барлау келісімшарты аясында Солтүстік және Велиховское Оңтүстік кен орындарында ревизиялық-барлау жұмыстарының кешені жүргізілді. Оның ішіне кернді сынамалау арқылы барлау бұрғылауы, жер үсті геофизикалық жұмыстары (магнито- және электр барлау) кірді. Жұмыстың негізгі мақсаты 1985 жылғы қорларды бағалаудың сенімділігі туралы түсінік алу болды.
2008-2012 жылдары ҚР МҚК (МҚК №449-05-А хаттамасы) ұсынымдарына сәйкес, Велиховское Солтүстік кен орнында Геологиялық барлау жұмыстарының жобасына сай жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде рудалы жатындардың жиектері мен терең горизонттары бағаланды, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлар нақтыланды, кен орнын игерудің қоршаған ортаға экологиялық әсерінің болжамы анықталды.
2014 жылы «Ақтөбе-Темір-ВС» Еншілес кәсіпорны» АҚ Велиховское Солтүстік кен орнының Оңтүстік жиегіндегі рудаларды толық өндіріп, бірінші кезектегі карьердегі өндіру жұмыстарын аяқтады..
«Казнедропроект» ЖШС Велиховское Солтүстік және Велиховское Оңтүстік кен орындарында жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою жобаларын әзірледі. Ақтөбе облысы бойынша ведомствоаралық комиссия қайтарылатын аумақты тексеру мақсатында «Ақтөбе-Темір-ВС» ЕК» АҚ келісімшарттық аумағына барып қайтты. Тексеру нәтижесінде 04.07.2025 жылғы №1 және №2 қайтарылатын келісімшарттық аумақты тексеру актілері жасалды.
Жер қойнауын пайдаланушы алаңы 3,976 шаршы км құрайтын келісімшарттық аумақтың 100% мемлекетке қайтарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1178672?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау