Бүгін Шілік ауыл округінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Шілік ауыл округінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау шарасы өтті. Мерекелік жиында Шілік ауыл округінің әкімі Б.Орынбасаров пен “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры Н.Баубеков сөз сөйлеп, аналар мен аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы орны, отбасы мен тәрбиедегі маңызы ерекше атап өтіліп, олардың еңбегі мен мейіріміне алғыс айтылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары дайындаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әсем ән мен көркем билерге толы бұл кеш мерекенің ажарын аша түсті. Осындай тағылымы мол шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, аналар мен қыз-келіншектерге деген құрметтің әрдайым жоғары екенін көрсетеді. Көктемнің жарқын мерекесі барша жанға қуаныш пен жылулық сыйлаған ерекше күн болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1178402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version