Бұланды ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның ықтимал салдарын азайту мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар су тасқынына қарсы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтердің күшімен елді мекендердегі көшелер, ішкі жолдар, кіреберіс жолдар және су басу қаупі бар аумақтар арнайы техника мен қажетті ресурстар тартылып, қардан тазартылуда.
Сонымен қатар еріген қар суларының еркін өтуін қамтамасыз ету үшін су өткізгіш жүйелер мен арықтар тазартылып, олардың қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын сақтауға бағытталған.
Бұл мәселе Бұланды ауданы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1178272?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау