Электрондық еңбек шарттары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен жасалған еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтитын ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.

Аталған мәліметтерді енгізу тәртібі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен айқындалады.

Еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі №353 «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.

 «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы бойынша жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны 945 941 адамды құрайды. Оның ішінде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 789 949 электрондық еңбек шарты енгізілген, бұл 84%-ды құрайды. 155 992 жұмыскер бойынша ақпарат енгізілмеген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2026 жылғы 12 наурыздан бастап Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен (ЕСУТД) жұмыс істеу кезінде талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 98-бабына жаңа 1-1-тармақ енгізілді. Аталған норма келесі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейді:

  • ЕСУТД-ға мәліметтерді енгізбеу немесе оларды уақтылы енгізбеу;
  • мәліметтерді толық емес көлемде енгізу;
  • қате немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты енгізу.

Алғаш рет бұзушылық жасаған жағдайда айыппұл мөлшері:

  • лауазымды тұлғалар үшін — 30 АЕК;
  • шағын бизнес субъектілері және коммерциялық емес ұйымдар үшін — 60 АЕК;
  • орта бизнес субъектілері үшін — 80 АЕК;
  • ірі бизнес субъектілері үшін — 150 АЕК.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1179057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version