Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Ерекше назар ғимараттың екінші қабатын жөндеуден өткізудің нәтижелеріне аударылды. Бөлмелер жаңартылғаннан кейін облыс әкімі кабинеттерді, жаттығу залдарын және орталыққа келушілердің бос уақытын өткізуі мен денсаулығын жақсартуға арналған басқа да кеңістіктерді аралады.
Қазіргі уақытта белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер спортпен айналысады – үстел теннисі, каратэ, тоғызқұмалақ, садақ ату; шығармашылық үйірмелер, компьютерлік сауаттылық курстары жұмыс істейді; сондай-ақ қарттарды әлеуметтік белсенділікке және қарым-қатынасқа бағытталған шаралар өткізіледі. Орталықта қазір емдік микроклиматқа ие тұз шахтасы жұмыс істейді, ол тыныс алуды жақсартуға, иммунитетті нығайтуға және организмнің жалпы саулығын арттыруға көмектеседі.
Марат Ахметжанов егде жастағы адамдарға толыққанды белсенді өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасау маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, осындай орталықтар денсаулықты нығайтуға, қарым-қатынас ауқымын кеңейтуге және қарт адамдардың өмір сапасын арттыруға маңызды рөл атқарады.
«Бүкіл өмірімізді еңбекпен өткіздік, енді зейнетте тек демалып қана қоймай, бір қызық адамдармен араласуға мүмкіндік бар. Хореография, каратэ және фитнеске барамын, өйткені бүкіл өмірімде қозғалыста болуға үйренгенмін, тұз шахтасында сауықтыру курсынан өтіп жатырмын», – деді орталық белсендісі Нұркиза Мемешова.
Сонымен қатар орталықтың әрі қарай дамуы, ұсынылатын қызмет түрлерінің кеңеюі және белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламаларының қатысушылары санын көбейту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, жаңартылған орталық күніне 400 адамға дейін қабылдай алады және 1300 егде жастағы адамға арналған бос уақытты ұйымдастыру, сауықтыру және білім беру шараларын өткізу мүмкіндігін кеңейтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1179046?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау