“М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі” КММ-де аудандық «Үздік мектеп парламенті» байқауы жоғары деңгейде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 3 наурыз күні “М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі” КММ-де аудандық «Үздік мектеп парламенті» байқауы жоғары деңгейде өтті.

Аталған шараға ауданымыздың 9 мектебінен келген командалар қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың мақсаты – мектеп парламенті жұмысын жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының тиімді тәжірибесін насихаттау.

Қатысушылар келесі кезеңдер бойынша өнер көрсетті:

«Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы

«Жылдың үздік жобасы» қорғау

«Шексіз идеялар» ситуациялық тапсырмалары

«Парламенттің бір күні» үй тапсырмасы (скетч)

Барлық командалар жоғары дайындықпен келіп, белсенділік пен креативтіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Алғашқы құттықтау сөз Ақсуат ауданының білім бөлімі әдіскері Мухаметрахимова Жанар Жексенбекқызына берілді.

Нәтижесінде:

Бас жүлде – К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі КММ «Amanat»

I орын – Тоғас батыр атындағы орта мектебі КММ «Laula»

II орын – Қожагелді батыр атындағы орта мектебі КММ «Болашақ жолы»

II орын – Сасан би атындағы орта мектебі КММ «Jastars»

III орын – Би Боранбай атындағы орта мектебі КММ «Болашақ қырандары»

III орын – Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі КММ «Самғау»

Қалған мектептер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен шығармашылық ізденістері үшін алғыс білдіреміз!

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1178775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version