Күн суытып, қыс мезгілі басталған сәтте су беттеріне мұз қата бастайды. «Апат айтып келмейді» деген халық даналығына сүйене отырып, Шиелі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына мұз үстінде жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын ұсынады:
-жұқа, қатпаған өзен, көл, канал, арықтар мен су қоймаларындағы мұз үстіне шықпаңыз;
-ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі, бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 сантиметрден кем болмауы керек;
-жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 сантиметр және одан артық болуы керек;
-автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 сантиметрден кем болмауы керек;
-мұз өткелдерінде аса сақ болыңыз, ескерту қалқандары мен хабарландыруларды мұқият оқып жүріңіз;
-мұзы бар жағалау жанында балалардың ойнауына жол бермеңіз;
-судың температурасы 2-3°С кезде, адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті;
-жоғарыдағы қауіпсіздік шаралары жайлы балаларға үнемі ескертіңіздер.
Қыс мезгілінде мұз үстінде жүру кезінде абай болыңыз! Өз өміріңізді қауіп-қатерге тікпеңіз!
Егер, Сіз, апат, жазатайым оқиғаның куәгері немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз, «112» құтқару қызметіне дереу қоңырау шалыңыз. Қоңыраулар кез-келген байланыс құралдары арқылы (телефон, ұялы телефон) тәулік бойы және тегін қабылданады.
Шиелі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1178890?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау