24 ақпан күні облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі «Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің құрамын бекіту туралы» мәселе бойынша облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары У.Ибраев хабарлама жасады.
Одан соң, «2026-2028 жылдарға арналған облыстық облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсанындағы №218 шешіміне толықтырулар енгізу мәселелері бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасады.
Хабарламадан соң депутаттар бірқатар сұрақтарын қойып, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан бюджет қаржысының тиімді әрі нәтижелі жұмсалуы керектігі айтылды.
Өз кезегінде басқарма басшылары көтерілген сауалдарға сәйкес сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында толыққанды жауаптар берілетінін жеткізді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo/press/news/details/1178331?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау