Оралда алаяқтықпен айналысып, іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оралда алаяқтықпен айналысып, іздеуде жүрген күдікті ұсталды. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қаласының аумағында полиция қызметкерлері 32 жастағы іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Анықталғандай, аталған азамат ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласы Полиция департаменті тарапынан іздестірілген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кетейік, “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өңір аумағында 10–13 наурыз аралығында өткізіліп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1179080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version