«Қайырымдылық күні» – Шал ақын ауданында мейірім мен қолдау күні өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 наурыз күні Шал ақын ауданында Наурыз мейрамы аясында «Қайырымдылық күні» ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, қоғамда қайырымдылық, жанашырлық және өзара көмек құндылықтарын насихаттау.

«Қайырымдылық күні» – бұл мұқтаж жандарға көмек қолын созып, игі істер жасауға үндейтін ерекше күн. Акция барысында әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмегі көрсетіледі.

Наурыз – татулық пен жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осындай ізгі шараның өткізілуі – ұлттық мерекенің мазмұнын тереңдете түсіп, қоғамдағы жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарын айқындай түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1178856?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version