Қазақ қызы – ұлт айнасы»: Талас ауданында қыз сыны байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

10 наурыз күні Талас ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында «Қазақ қызы – ұлт айнасы» атты аудандық қыз сыны байқауы мәресіне жетті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ қыздарының бойындағы ұлттық тәрбие, әдептілік, өнері мен білімін насихаттау, салт-дәстүрді құрметтеуге баулу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Байқауға аудан мектептерінен барлығы 9 ару қатысып, өз өнерін төрт кезең бойынша көрсетті. Қатысушылар әр кезеңде шығармашылық қабілеттерін, білімдерін, сөйлеу мәдениетін және ұлттық дәстүрлерге деген құрметін көрсетті. Бірінші кезеңде арулар өздерін таныстыру арқылы сахнада сенімділіктерін танытса, екінші кезеңде ұлттық киімдер дефилесі арқылы қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеді. Үшінші кезеңде қатысушылар білім мен өнерін сынайтын шығармашылық тапсырмаларды орындаса, төртінші кезеңде өздерінің өмірлік ұстанымдары мен арман-тілектерін сөз өнері арқылы жеткізді.

Іс-шара барысында әділ қазылар алқасы қатысушылардың өнерін, мінез-құлқын және ұлттық тәрбиеге деген көзқарасын мұқият бағалады. Байқау қатысушыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, оларды ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге ынталандырды. Сонымен қатар, бұл іс-шара жас қыздар арасында өз қабілеттерін дамытуға, өз-өздерін танытуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға септігін тигізді.

Мұндай байқаулардың тұрақты түрде өткізілуі аудандағы жастарға мәдени және шығармашылық тұрғыда өзіндік даму алаңын ұсына отырып, келешектегі ұрпаққа ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді насихаттауға зор үлес қосатыны анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1178441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version