«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында азаматтық қару иелері тексерілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары азаматтық қару иелерін тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Тексеру кезінде қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарының сақталуы, тиісті рұқсат құжаттарының болуы, сондай-ақ қарудың арнайы сейфтерде сақталуы басты назарға алынады.

Іс-шара барысында заң талаптарын сақтамаған қару иесі анықталып, азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз қару айналымының алдын алу, қаруды сақтау талаптарының сақталуын бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Полицейлер азаматтарға қаруды сақтау мен пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1178455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version