ҚҰРЫЛТАЙ МЕН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БАЯНДАДЫ⁣⁣⠀

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру⠀жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті іс-шара қаладағы Әл-Фараби ауданындағы⠀№38 мектеп гимназияның мәжіліс залында өтіп, оған жергілікті тұрғындар мен мектеп ұжымы қатысты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Махамбетқали Ахметов, аудандық аналар кеңесінің⠀мүшесі Аршын Әлжанова сынды бірқатар азаматтар сөз сөйледі. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ақпараттық-түсіндіру тобы Ата заңға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнына жеке-жеке тоқталып, олардың адам өміріндегі рөліне нақты мысалдар келтірді. Атап айтсақ, білім беру саласына қатысты негізгі нормалар мен құқықтық кепілдіктерге баса назар аударылды. Сондай-ақ, ел дамуына беретін мүмкіндіктері кеңінен баяндалды.⁣⁣⠀
Кездесуде сөз сөйлеген Б.Жалмұрзаев жаңа Конституция жобасына енгізілген Құрылтай, Халық кеңесі институтының мәні мен мазмұнына тоқталды. ⁣⁣⠀

Оның айтуынша, аталған институттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы негізінде құрылып,⠀қоғамның қарқынды дамуын, елдің ынтымақ-бірлігін нығайтуды көздейді. ⁣⁣⠀
Кездесу барысында тұрғындар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ашық диалог форматында өткен басқосуда ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, конституциялық реформаның маңыздылығы аталып өтті. Бұл кездесу халықпен тікелей байланыс орнатуға және қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version