Республикалық ұлттық ойындар «Ханталапай» байқауының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11 наурыз 2026 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектеп жасына дейінгі балалардың «Ханталапай» республикалық ұлттық ойындар байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 13 аудан/қалаларынан келіп түскен 21 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:

1-орын – Өскемен қаласы №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы (3 жас), Зайсан ауданы «Еңлік» бөбекжайы (4 жас), Глубокое ауданы «Пчелка» бөбекжай-балабақшасы (5 жас), Зайсан ауданы «Ертөстік» бөбекжайы (5 жас);

2-орын – Тарбағатай ауданы «Балауса-Балғын» бөбекжайы (3 жас), Зайсан қаласы ЖШС «Күншуақ» бөбекжай- балабақшасы (3 жас), Өскемен қаласы №9 «Арман» (4 жас), Шемонайха ауданы «Аленушка» балабақшасы (5 жас);  

3-орын – Күршім ауданы «Күршім ауылының балабақшасы» (3 жас), Тарбағатай ауданы «Абай атындағы орта мектебі» (4 жас), Өскемен қаласы №8 «Мирас» балабақша – бөбекжайы (5 жас);

«Жүйрік ойыншылар» – Катонқарағай ауданы «Оралхан Бөкей атындағы орта мектебі» (5 жас);

«Алтын сақа» – Марқакөл ауданы «Марқакөл ауылының балабақшасы» (4 жас), Ұлан ауданы   «Балапан» балабақша-бөбекжайы (5 жас);

«Тапқырлар мен ептілер» – Күршім ауданы «Болашақ» балабақшасы (4 жас), Алтай ауданы   «Жасмин» бөбекжай-балабақшасы (5 жас);

«Белсенді ойыншылар» – Алтай ауданы «Жасмин» бөбекжай-балабақшасы (3 жас), Самар ауданы «Абай атындағы орта мектебі» (4 жас), Риддер қаласы  №21 балабақшасы (5 жас);  

«Үздік ойын алаңы» Үлкен Нарын ауданы «Майемер орта мектебі (5 жас);

«Көңілді ойыншылар» – Алтай ауданы «Жасмин» бөбекжай-балабақшасы (4 жас).

Жеңімпаздардың жұмыстары (Өскемен қаласы №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы (3 жас), Зайсан ауданы «Еңлік» бөбекжайы (4 жас), Глубокое ауданы «Пчелка» бөбекжай-балабақшасы (5 жас), Зайсан ауданы «Ертөстік» бөбекжайы (5 жас) байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1178841?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version