ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарының жұмыс барысын бақылады. Алдымен аудан басшысы Тама ауыз су құбырының құрылысымен танысып, мердігер мекеме өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі есебін тыңдады.
Жоба аясында диаметрі 560 мм болатын екі желілі су құбыры тартылуда. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайтын құбыр желісінің 27 шақырымы жүргізілген. Сонымен қатар су жүйесіне арналған 26 камералы құдық орнатылған. Ұңғыма қазу жұмыстары да жүргізіліп, бүгінгі күні 6 ұңғыма 185 метр тереңдікке дейін қазылып, толық аяқталған.
Тамада салынып жатқан екі дана 500 текше метрлік су резервуарының құрылысы аяқталуға жақын. Резервуарлардың бетон жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу және жабу жұмыстары жүргізілген. Насос станциясы, әкімшілік ғимарат және басқа да қосалқы нысандардың негізгі құрылыстары да аяқталу сатысында.
Сонымен қатар қала аумағында салынып жатқан екі дана су резервуарының құрылысы да қарқынды жалғасуда. Қазаншұңқыр қазу, бетондау және қабырғаларын тұрғызу жұмыстары орындалған.
Құрылыс алаңында 110 жұмысшы мен 26 арнайы техника жұмылдырылған.
Одан кейін Арман Романұлы Шардара қаласы Ө. Түгелбаев көшесінде салынып жатқан өндірістік парк құрылысының барысын бақылады. Өндірістік парк аумағындағы 6 өндірістік нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесіп, олардың алдағы жоспарларымен танысты.
Кездесу барысында аудан басшысы кәсіпкерлікті дамыту өңір экономикасының маңызды бағыты екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары жалғаса беретінін жеткізді. Сонымен қатар өндіріс орындарын іске қосу арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және аудан экономикасын дамыту маңызды екенін айтты.
Аудан әкімі жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1178186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version