ШҚО-да полицейлер 500 студентке профилактикалық кездесу ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын ілгерілету аясында ауқымды профилактикалық іс-шара өтті.

     Кездесуге жоғары оқу орнының 500-ге жуық студенті қатысты.

     Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Осыған орай студенттерге “Не книжные закладки” және “Хулиганка” атты екі қысқаметражды фильм көрсетілді.

     Аталған фильмдер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қолдауымен жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында арнайы түсірілген. Туындыларда есірткінің заңсыз айналымына қатысудың, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық жасаудың ауыр салдары мен шынайы көріністері айқын көрсетілген.

     Кездесу тек фильм көрсетумен шектелмей, ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Студенттер көрсетілген сюжеттерді қызығушылықпен тамашалап, өз ойларын білдіріп, көкейлеріндегі маңызды сұрақтарын қойды.

     Тәжірибеде кездесетін нақты жағдайларды талдай отырып, заң талаптары мен оның ерекшеліктерін түсіндіруге ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мади Қалиақпаров, Үлбі полиция бөлімі №15 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Бейбіт Иксанов және Үлбі полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Аманкелді Дәрібаевтар қатысып, студенттердің сауалдарына жан-жақты жауап берді.

     Мұндай ашық диалог форматы жастардың тек өз құқықтарын біліп қана қоймай, қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін терең сезінуіне ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1178641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version