ШЫМКЕНТТЕ «ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Гүлдер жәрмеңкесі» өтті. Іс-шара Астана алаңында ұйымдастырылып, оған 32 кәсіпкер қатысты. Жәрмеңкеде түрлі гүлдер мен әсем безендірілген гүл шоқтары ұсынылды.

Мерекелік алаң арнайы безендіріліп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қала тұрғындары мен қонақтары жақындарына сыйлық ретінде гүлдер сатып алып, көктемнің шуақты мерекесін бірге қарсы алды.

Жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлер бірыңғай ақ шатырларда сауда жүргізіп, санитарлық және тазалық талаптарын сақтады.

Айта кетейік, «Гүлдер жәрмеңкесі» 6–8 наурыз аралығында өтті. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары мерекелік шараға белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1178850?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version