Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 10 наурыз айында Қазақстан  Республикасы  еңбек  және халықты  әлеуметтік  қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің  № 1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Протездік- ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп- тұру құралдарын ұсынуға медициналық- әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мамандарымен семинар өткізді.

Семинар барысында техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мекеме дәрігерлері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту және абилитацияның жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Практикалық мысалдар негізінде кресло- арбалардың және жүріп- тұруға арналған құралдардың түрлері, сондай-ақ оларды тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер қарастырылды.

Семинар белсенді талқылау форматында өтті, мамандар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1178956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version