ТАҒАЙЫНДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылғы 6 наурыздағы №123 бұйрығына сәйкес полиция подполковнигі Нұрғалиев Темірбек Сәбитұлы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Байғанин ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Нұрғалиев Темірбек Сәбитұлы 2007–2011 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында білім алған.

Еңбек жолын 2011 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы ішкі істер бөлімінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Мұғалжар ауданының криминалдық полиция бөлімшесінде жедел уәкіл, бөлімше бастығы, аға жедел уәкіл қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ойыл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, Темір ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

Темірбек Сәбитұлының жаңа қызметіне табыс, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1178671?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version