Төтенше жағдайлар саласында жаңа полковник

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жандылардың қайсарлығы мен кәсібилігін айғақтайтын тағы бір жағымды жаңалық

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Салтанат Жиенбайқызы Аленоваға арнайы полковник шені берілді.

Төтенше жағдайлар саласы – батылдық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Осындай күрделі салада Салтанат Жиенбайқызы 21 жасынан бастап еңбек етіп, 20 жылдан астам уақытын ел қауіпсіздігіне арнады. Қатардағы қызметкер болып бастаған оның еңбек жолы тәжірибе мен табандылықтың арқасында басшылық қызметке дейін өрледі. Ол Маңғыстау мен Қарақия ауданында бөлім басқарып, халық тыныштығын сақтауға өз үлесін қосты.

Полковник шені – оның көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби біліктілігіне берілген лайықты баға. Бұл жетістік нәзік жандылардың да ел қызметінде ер азаматтармен қатар абыроймен еңбек етіп, биік белестерді бағындыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1178943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version