Құрамы 24 адамнан тұратын бөлім су тасқынының алдын алу шараларына көмектесу үшін жіберілді.
Алтай ауданының әкімі Ренат Курмамбаев әскери қызметшілерге көмектесуге дайындықтары үшін алғысын білдірді. Ол көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесіп және жедел жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Аудан басшысы әскери қызметшілерге табыс, күш-қуат тілеп, олардың қолдауы мен кәсібилігі төтенше жағдайлардың алдын алуда және халықты қорғауда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1179128?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау