Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III Республикалық форумы, 2026ж.12.03

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 12 наурыз күні, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III Республикалық форумы өтуде.

Форум мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және депутаттық корпусқа қоғамның сенімін арттыруға арналған. Іс-шара барысында билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, азаматтармен ашық диалог орнату, сондай-ақ жаңартылған Конституция жобасы талқылануда.

Форум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысынан делегация қатысуда. Оның құрамында Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Лариса Викторовна Топорова және аудан мәслихаттын депутаттары Жанна Балтабайқызы Бекенова, Наталья Викторовна Чижма, Владимир Ильич Волков және Қанат Маратұлы Қостанов.

Форум аясында тақырыптық алаңдарда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, депутаттар қызметінің ашықтығын арттыру және тұрғындармен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқылануда.

Мұндай форумды өткізу елдің саяси жүйесін одан әрі дамыту мен жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының қатысуы өңірдің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1179495?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version