Бруцеллездің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың жұқпалы ауруы, яғни бруцеллезбен адамдар да, жануарлар да ауырады. Оның үстіне адамдар жануарларды күту кезінде, ұшаны мүшелеу кезінде, қайнатылмаған және пастерленбеген сүт пен сүт – қышқыл өнімдерді пайдаланғанда, шикі немесе жеткіліксіз термикалық өңделген етті пайдалану кезінде жануарлардан жұғады.

 

Адам ауруының негізгі көзі ауыл шаруашылық жануарлары – ұсақ және ірі қара мал. Ауру малды күту, жануарлардың өнімдері мен шикізатын өңдеу кезінде адамдарға жұғады.

 

Бруцеллездің қоздырғыштары (бруцеллалар) өте төзімді, сыртқы ортада 45 күнге дейін, сүтте 18 күнге дейін, жаңа мұздатылған етте 45 күннен астам сақталады, тіпті адамның зақымданбаған терісі мен шырышты қабаттары арқылы да ене береді.

 

Адамның бруцеллез ауруының белгілері екі-үш аптадан кейін, кейде бір айдан кейін пайда болады. Көбінесе науқаста безгек (лихорадка), бас ауруы, әлсіздік, қалтырау және қатты терлеу пайда болады. Бірнеше күн немесе аптадан кейін буындарда ауырсыну және ісіну байқалады. Кейде барлық ауыр құбылыстар тез өтеді, бірақ біраз уақыттан кейін ауру күшейеді. Жұқтырғаннан кейін адам бруцеллезбен ұзақ уақыт ауыруы мүмкін, бұл аурудың созылмалы түрге айналуына, мүгедектікке немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздыққа әкеледі.

 

Бруцеллёздің алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтау қажет: қайнатылмаған сүт пен термиялық өңдеуден өтпеген сүт өнімдерін тұтынбау, белгіленбеген орындарда сауда жасайтын адамдардан сүт және ет өнімдерін алмау. Мал базарларынан мал сатып алғанда, олардың денсаулығын растайтын ветеринариялық анықтаманың бар екеніне көз жеткізу керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1179729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version