Қазақ халқы үшін ұлттық тағамдар – тек ас емес, ол ұлттың мәдениеті мен дәстүрінің айнасы. Дәстүрлі тағамдарымыздың әрқайсысы табиғи, пайдалы әрі берекенің белгісі. Осы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мәдениет үйінде «Дәм мен дәстүр – ұлттық тағамдар әлемі» атты ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай дастархан мәдениетін насихаттау, ұлттық тағамдардың қадір-қасиетін дәріптеу және жас ұрпаққа ата-бабадан қалған ас дәстүрін таныстыру.
Көрмеде қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылып, қонақтарға ет тағамдары, бауырсақ, жеті нан, ақтан дайындалған құрт, май, қатық, уыз және түрлі тәтті тағамдар ұсынылды. Ұлттық тағамдар көрмесі келушілерге халқымыздың тұрмыс-салтындағы ас мәдениетінің маңызын танытып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1179184?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау